Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында полицей түтін басқан үйден үш баланы құтқарды

Жетісу облысында полицей түтін басқан үйден үш баланы құтқарды
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысында полицей түтін басқан үйден үш баланы құтқарды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Талдықорған қаласында ерлік пен жанқиярлықтың айғағына айналған оқиға болды. Полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта, Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның даусын естиді. Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін пайда болып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған. Ойланбастан Мирас Даутов газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кіреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан.

Жедел әрекеттің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алды алынды. Полицей, газ қызметі және өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында түтіннің көзі жылдам жойылды. Қуанышқа орай, ересектер арасында зардап шеккендер жоқ. Мирас Даутовтың бұл ерлігі – өз халқына адал қызмет етудің, офицерлік абырой мен антына адалдықтың жарқын көрінісі. Отан қорғаушылар күні ол нағыз батырлықтың не екенін іспен дәлелдеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді