Риддер қаласында ер адам құрылыс саласындағы алаяқтық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Риддер қаласының тұрғыны интернет-ресурстарда құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша жалған хабарландырулар орналастырған. Ол жалған мердігерлік шарттар жасасу арқылы жерлестерінің ақшалай қаражатын иемденіп, өзіне алған міндеттемелерді орындамаған. Оның әрекеттері салдарынан бес адамнан астам қала тұрғыны елеулі материалдық шығынға ұшырады. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша (Алаяқтық) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Атап өтейік, бұл баптың санкциясында 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру жазасы көзделген. Полиция азаматтарды интернет арқылы мәміле жасағанда қырағы болуға шақырады. Қызмет ақысын төлемес бұрын, мердігердің беделін, шынайы пікірлердің бар-жоғын, ресми құжаттарын тексеріп, тек сенімді компаниялармен шарт жасасу қажет.