Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«1000 орын - көше саудасы»: Елордада жыл басынан бері 20 жер учаскесі бөлінді

Елордада «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да «1000 орын-көше саудасы» жобасын іске асыру аясында сауда павильондарын орналастыру үшін 650-ден астам жер учаскесі бөлінді. Ал осы жылдың басынан бүгінгі күнге дейін аталған жоба аясында 20 жер учаскесі бөлінді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бөлінген жер учаскелері жеміс-жидек, көкөністер, тамақ өнімдерін, дайын өнімдер (сусындар, балмұздақ, фаст-фуд) сататын объектілерді орналастыруға арналған.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын кәсіпкерлерге «Astana» ӘКК» АҚ жер учаскелерін беру бойынша қолданыстағы қағидаларға сәйкес арнайы комиссияның шешімі негізінде жылына 30-дан аспайтын жер учаскелерін беру көзделген.

Бүгінгі таңда жобаны іске асыру аясында 1700-ден астам жұмыс орны құрылып, жеке инвестиция ретінде 1,1 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Бөлінген учаскелердің жалпы ауданы 8 313 шаршы метрді құрайды.

Тұрғын үй алаптары мен жаңа құрылыс жүріп жатқан аудандардан учаскелер бөлу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қалада көптеген қоғамдық кеңістіктер, алаңдар мен саябақтар ашылуда. Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген орындарды сауда павильондарын орналастыру арқылы дамытуға мүдделі.

Бүгінгі күні «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жер учаскелерін беру жөніндегі аукционның кезекті кезеңін дайындауға кірісіп кетті.

Аукционды 2021 жылдың қыркүйегінде өткізу жоспарланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты