Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда суару маусымы аяқталды

Қазақстанда суару маусымы аяқталды
Фото: primeminister.kz

Еліміздің барлық аймағында суару маусымы аяқталды. Вегетация кезеңі 1 сәуірде басталды. Суару кезеңінде Су ресурстары және ирригация министрлігі шаруаларға шамамен 11,2 млрд текше метр су берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл министрлікке қарасты «Қазсушар» кәсіпорнының филиалдары шаруа қожалықтарымен 25 мыңға жуық келісімшарт жасады. Су тұтыну көлемі бойынша көш басында – Қызылорда облысы. Өңірдің дихандарына шамамен 3,7 млрд текше метр су берілді. Түркістан облысының шаруалары 3,4 млрд текше метр су алды. Жетісу облысының дихандарына 1,37 млрд текше метр су берілсе, Алматы облысының шаруалары 1,57 млрд текше метр су пайдаланды. 

«Үкімет төтенше жағдай мен суармалы су тапшылығының алдын алды. Біз былтырғы тәжірибеден сабақ алып, фермерлерге суармалы судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз еттік.  Су дипломатиясы да маңызды рөл атқарды. Биыл Үкіметтің табысты келіссөздері арқасында елімізге Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан бастапқыда жоспарланған көлемнен де артық су жіберді», — деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бүгінгі таңда Үкімет су тасқыны кезеңіне дайындықты бастады. Еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы су қоймаларынан су жіберіле бастады. Ал, оңтүстік облыстардағы су қоймалары су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

Орталық Азияның мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы отырысында Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының болжамды жұмыс кестесі жасалады және келесі жылға су беру көлемі бекітіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты