Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ауғанстан Тургунди-Герат теміржолын салу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді

Қазақстан мен Ауғанстан Тургунди-Герат теміржолын салу туралы уағдаластықтарға қол жеткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапары шеңберінде Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен Ауғанстанның Қоғамдық жұмыстар министрлігі арасында «Тургунди-Герат-Қандағар-Спин-Болдак» теміржолының құрылысына қатысуға ниет білдіру туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қол жеткізілген уағдаластықтың жалғасы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастық келісімі болмақ. Оның шеңберінде «Тургунди-Герат» учаскесінде теміржол желісі мен оған қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ Герат қаласында көлік-логистикалық орталық салуды бастау айқындалады.

Жоба өзара аймақтық транзиттік байланысты кеңейту, Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы көлік-логистикалық байланысты нығайту, Үнді мұхитының порттарына қол жеткізуде Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Жаңа теміржол желісі Ауғанстан аумағы арқылы өтетіндіктен әрі оңтүстік бағытта жүк тасымалдауда ең қысқа маршрут болғандықтан болашақ трансұлттық дәліздің негізгі буыны саналады. 

Қол қойылған хаттама АХҚО юрисдикциясында Қазақстан, Ауғанстан мен Түркіменстан темір жолдары арасында бірлескен кәсіпорын құруды көздейді.

Теміржол желісін салу кезінде талшықтық-оптикалық кабель төсеу көзделеді. Бұл байланысты, поезд қозғалысы қауіпсіздігін, оларды басқаруды жақсарта отырып, көлік дәлізі бойындағы цифрлық инфрақұрылымды дамытады. Елді мекендерді болашақта жоғары жылдамдықты интернетке қосу мүмкіндігі артады. 

Кабул сапарының соңғы күні Серік Жұманғарин Ауғанстанның Азаматтық авиация және көлік министрі Хамидулла Ахұнзадамен кездесті. Тараптар екі ел арасында тіке әуе рейсін ашу, қазақстандық автокөліктер мен автобустарды Ауғанстан нарығына жеткізу, сондай-ақ ауған студенттерін қазақстандық жоғары оқу орындарында техникалық мамандыққа оқытудың келешегін талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты