Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адам көз жұмды

Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адам көз жұмды
Фото: pixabay.com

Almaty Half Marathon жарысы кезінде оған қатысушы екі адам қаза тапты. Бірі – 84 жастағы Аққоян Рысәлиев, екіншісі - 21 жастағы Нұрбол Ахмади, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаралы хабар ақпарат жарыс ұйымдастырушылардың сайтында пайда болды. Қаза тапқандар жартылай марафон қашықтығында (21,1 км) жүгіріп жүрген, Алматыдағы осындай спорттық іс-шаралардың тұрақты қатысушылары болып табылатыны нақтыланады.

"Ұйымдастырушылар регламентке сәйкес әрекет етті: медициналық қызметтер, шұғыл қызметтер және полиция - барлығы шұғыл әрі уақтылы болды. Қабылданған шараларға қарамастан, қатысушылардың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады", делінген сайтта.

Аққоян Рысәлиев 2021 жылдан бері марафондарда үнемі жүгіріп жүрген азамат. Бүгін, 20 сәуірде жартылай марафон кезінде бір шақырым қашықтықты игергенде ол кенеттен өзін жайсыз сезінген. Бір минуттан кейін оған жедел жәрдем бригадасы келіп жетті, бірақ ол кезде тамыр соғысы болмаған.

"Реанимациялық іс-шаралар хаттамаға сәйкес өткізілді. Алдын ала қорытынды – өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Созылмалы артериялық гипертензиясы болған", - деді бригада дәрігері Әлібек Қожаназаров.

Екінші марқұм - Нұрбол Ахмади бұрын Winter Run 2025 жарысында 10 шақырым қашықтықтағы марафонға қатысқан, Астана мен Алматыдағы жартылай марафонға, сондай-ақ Алматыдағы марафонға тіркелген. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді