Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда терроризм туралы жалған хабар берген оқушы анықталды

Қостанайда терроризм туралы жалған хабар берген оқушы анықталды
Фото: Polisia.kz

Қостанайда терроризм туралы жалған хабар берген оқушы анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қостанайдағы сауда ойын-сауық орталығының әкімшісі белгісіз нөмірден жарылғыш зат орнатылғаны туралы SMS-хабарлама алған. Ықтимал қауіп туралы ақпаратты қауіпсіздік қызметінің бастығы шұғыл түрде тиісті органдарға жеткізген. Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері ғимаратты және оның аумағын мұқият тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылған жоқ. Жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы күдіктінің ізіне түсті. Ол – облыс мектептерінің бірінде оқитын 8-сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірім өз кінәсін мойындап, бұған дейін де осындай жалған хабарлама жасағанын растады. Атап айтқанда, 26 ақпанда ол Садчиков мектебінде бомба бар деп хабарлаған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған оқушы мен ата-анасының, психологтың және әлеуметтік педагогтың қатысуымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Полиция терроризм актісі туралы жалған хабарламаларға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырады. Мұндай әрекеттер ауыр қылмыс болып саналады және заң жүзінде жауапкершілік қарастырылған. Бұл талаптар кәмелетке толмағандарға да толықтай қатысты.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады