Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды

Үкіметте көктемгі дала жұмыстарының барысы талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте көктемгі дала жұмыстарының жүргізілу барысы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәлімдеуінше, оңтүстік өңірлерде 423 мың гектар жерге егін егілді. Оның ішінде 241 мың гектары – дәнді дақылдар, 88 мың гектары – мал азығы, 29 мың гектары – көкөністер, 12 мың гектары – картоп, 15 мың гектары – бақша дақылдары, 35 мың гектары – майлы дақылдар. Жаппай егіс науқаны 15 мамырда басталады.

2025 жылғы өнім үшін күздік дәнді дақылдар 405,7 мың гектарға себілді, олардың 73,3%-ы жақсы жағдайда, 23,9%-ның жағдайы – қанағаттанарлық. Энергетика министрлігі тарапынан көктемгі егіс жұмыстарына 401 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Отын кесте бойынша жөнелтілуде.

Вице-министрдің айтуынша, Министрлік алдына минералды тыңайтқыштарды енгізу көлемін 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу міндеті қойылған. Алайда тыңайтқыштардың жеткізілуінің төмен қарқыны егіс науқанының қызған шағында толық қамтылмау қаупін тудырып отыр.

2024 жылы отандық зауыттар әкімдіктердің кепілдігімен фермерлерге субсидияланбайтын бөлігін (40%) күзге дейін кейінге шегеру арқылы тыңайтқыштарды бөліп төлеуге берген болатын. Бұл айналым қаражаты жетіспейтін кезеңде шаруаларға айтарлықтай көмек болды. Алайда кейбір фермерлер келісімшарттағы міндеттемелерін орындамай, зауыттар алдындағы берешектерін әлі күнге дейін жаппаған.

«Тыңайтқыштарды жөнелтуді жеделдету қажет. Міндеттемелерін уақытында орындаған шаруалар басқа қожалықтар үшін зардап шекпеуі тиіс. Қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етіңіздер», — деді Серік Жұманғарин бірқатар өңірлердің әкім орынбасарларына.

Кейбір өңірлерде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы мен «Кең дала» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген қаржыландыру туралы ақпаратты тыңдағаннан кейін, вице-премьер барлық аграрлық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешуді және бақылауды күшейтуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы вице-министрлеріне негізгі егін егуші өңірлерге барып, егіс науқанының уақытылы өтуіне кедергі келтіретін мәселелерді жедел шешу тапсырылды.

«Көктемгі дала жұмыстарына дайындық – ауыл шаруашылығы маусымының сәтті өтуінің негізгі факторы. Үкімет барлық шараларды қабылдап, тиісті қаражат бөлуде. Аталған мәселелерді, соның ішінде шегірткеге қарсы шаралар ды үнемі бақылауда ұстаңыздар», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Кеңес барысында астық экспорттау жағдайы да қаралды. 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы наурызға дейін жаңа өнім экспорты 55%-ға артып, 6,8 млн тоннаны құрады. Негізгі импорттаушылар қатарында – Орталық Азия елдері, Қытай және Ауғанстан бар. Иран мен Әзербайжан нарықтарында да – тиісінше 18 және 98 есе айтарлықтай өсім байқалды. Экспорттаушыларды қолдау мақсатында тасымал шығындарын субсидиялау шаралары енгізілді. Қазіргі таңда 236,5 мың тонна астыққа субсидия алу үшін 101 өтінім қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты