Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынының үйінде қауіпті заттарға тап болды

СҚО-да полицейлер ауыл тұрғынының үйінде қауіпті заттарға тап болды
Фото: Polisia.kz

Есіл ауданында "Мал ұрысы" және "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде жұмыс істеген полиция қызметкерлері 44 жастағы тұрғынның үйінен қару-жарақтарды тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында полицейлер үйден СКС иір ұңғылы карабинін, тіркелмеген ИЖ-К тегіс ұңғылы мылтығын және аңшылық патронмен атуға болатын қолдан жасалған қаруды тапты. Сондай-ақ ер адамда ұсақ калибрлі винтовканың ұңғысы мен бекітпесі, тегіс ұңғылы мылтықтың ұңғысы мен түрлі калибрлі 700 патрон сақталған. Барлық үлгі тәркіленіп алынды, олар бойынша сараптама тағайындалады. Иір ұңғылы қаруды сақтау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Ер адамның түрлі аңдар мен құстарды аулауға мүмкіндік беретін осындай жиынтықты қайдан алғанын тергеу анықтайтын болады.

Күдіктіге 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ірі айыппұл салынуы немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру ғана қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады