Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция екі тұрғыннан қару тәркіледі

СҚО-да полиция екі тұрғыннан қару тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментімен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде иір ұңғылы қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрын ұрлық, айдап әкету және қарақшылық үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы ауыл тұрғынынан тәртіп сақшылары ТТ тапаншасын және әртүрлі қару түрлеріне арналған 30-ға жуық оқ-дәрі тәркіледі. Ер адамның айтуынша, ол қаруды тауып алып, өзіне қалдыруды жөн көрген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, тапанша сараптамаға жіберілді. Полицейлер қарудың қылмыстық мақсаттарға қатысы бар-жоғын анықтайды. Ал күдіктінің ауылдасы мен құрдасынан полицейлер ИЖ-18Е дара ұңғылы шолақ мылтығы пен оған арналған 8 патрон тапты. Шолақ мылтықты сақтағаны үшін де қылмыстық жауапкершілік көзделген. Күдіктілер ірі мөлшердегі айыппұл төлеуі немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер ескерткендей, қаруды ерікті түрде тапсыру ғана оны заңсыз сақтау үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты