Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

LRT алғашқы қызметкерлері оқытудың бірінші кезеңінен өтті

LRT алғашқы қызметкерлері оқытудың бірінші кезеңінен өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

LRT-нің 29 қызметкері 3 наурызда Астанада басталған алғашқы оқыту модулін сәтті аяқтады. Бірінші кезеңде қатысушылар теориялық білім алып, тестілеуден сәтті өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта олар екінші модульді оқуға кірісті, одан кейін Қытайға барып, практикалық сабақтар мен тағылымдамадан өтеді. 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін есептелген оқыту бағдарламасы Астана қ. (Қазақстан) және Тяньцзинь қ. (ҚХР) іске асырылады. Оның мақсаты – LRT жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша мамандар даярлау. Сабақтарды Тяньцзинь метрополитені мен Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық университетінің сарапшылары жүргізеді.2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы қаңтарға дейін бағдарламаға қатысуға 140 өтінім берілді, оның ішінде 29 үміткер іріктелді. Олардың қатарында Астана қаласының 15 тұрғыны, сондай-ақ Алматы, Тараз, Есіл, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Қарағанды, Екібастұз, Қызылорда және Абай өңірінің өкілдері бар.

Білім алушылардың орташа жасы 33 жасты құрайды.Бағдарлама қалалық теміржол көлігінің негіздерін, оның жүйелерінің негізгі компоненттерін және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмдерін оқып-үйренуді қамтиды. Оқыту LRT құрылысын жүзеге асыруға арналған EPC келісімшарты шеңберінде жүргізіледі және оны мердігер «China Railway Asia-Europe Construction Investment» компаниясы жүзеге асырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады