«ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларда деструктивті діни ағым идеологиясын белсенді түрде насихаттаған, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Алматы облысының 4 азаматы (Ұйғыр ауданынан-1, Еңбекшіқазақ ауданынан-2, Ескелді ауданынан-1) Қазақстан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 бабы, 2 тармағын бұзу фактілері бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш (58 000) мөлшерінде жалпы соммасы 232 000 тенге айыпұл салынды.
Бұл жұмыс, облыстағы діни ахуалға «Kazdream Solution» компаниясының, «Аналитикалық интернет карта» (АИК) электронды платформасы көмегімен «ВКонтакте», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі деструктивті парақшаларға тіркелушілер бойынша жүргізілген мониторинг арқасында орын алды.
Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде «Instagram» әлеуметтік желісінде 38 581 теріс діни ағымдардың идеологиясына қызығушылық танытқан ғаламтор тіркелушілері анықталса, ал «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде дәл осындай топтарға тіркелген 32 217 адам 2020 жылдың басында анықталып, жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы нәтижесінде бүгінгі күні олардың саны 15 416 адамға яғни 52,3% дейін азайды.
Басқарма мамандары тарапынан жұмыс жүргізу мақсатында ашылған 27 фэйк-аккаунттар арқылы күнделікті жіберілетін әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту SMS-хабарламаларымен ақпараттық бағытта жарияланған материалдар тіркелушілер санының азаюына өз септігін тигізуде. Жыл басынан «ВКонтакте» 6920 (76,1%), «Instagram» 2170 (23,9%) SMS-хабарлама жіберілді.
#РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН жобасы мүмкіндігінің аясында облыс тұрғындарымен кері байланыс орнатылды. Яғни, кез-келген облыс азаматы өзінің және жақындарының әлеуметтік желідегі деструктивтік діни ағымдарды насихаттаушы топтарға тіркелген немесе тіркелмегендігін анықтауға мүмкіндік алды. Жоба барысында азаматтардың діни сауаттылығының төмендігі немесе жоқтығы салдарынан теріс пиғылды топтарға тіркеліп жатқандығы анықталуда. Олармен нүктелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет діни ақпаратты тек ресми сайттардан және дін қызметкерлерінен ғана алу керектігі түсіндіріліп, қазіргі таңда деструктивті топтардан 179 адам шығарылды. #РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН жобасының жұмыс номері 87004274534.