Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Деструктивті культтерден өз балаңызды қалай сақтауға болады?

Балаңызды және өзіңізді деструктивті діни идеялардың ықпалынан қалай қорғауға болады, бұл жөнінде kazlenta.kz тілшісіне Алматы облысының дін істері басқармасының талдау, мониторинг және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы Молдағалиева Айгерім Байханқызы айтып берді.


- Айгерім Байханқызы, жалпы облыста әлеуметтік желілерді қалай бақылап отырасыздар? 

- Ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы СМС-хабарлама, #РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН, қоңырау шалу т.б. жобалар қолға алынды. Аталған жобасының негізгі мақсаты, облысымыздың жастары әлеуметтік желілердегі деструктивтік діни топтарға жазылуын тексеру мүмкіндігін береді. Себебі қазіргі таңда көптеген азаматтар білместікпен кері идеологияны насихаттаушы топтарға тіркеліп жатқаны анықталып отыр.

Ағымды жылдың наурыз айымен салыстырсақ 5 бағыт бойынша оқушылар мен студенттердің тіркелген топтарының сандық көрсеткіші 1588 болса қазіргі таңда 1324-ке төмендеді.

Оның ішінде, әлеуметтік желілерде діни мәліметтерді насихаттаушы топтарға тіркелген оқушылардың жынысына қарай сандық көрсеткіші: ер бала-790-ды, қыз бала 669-ды құрайды.


- Деструктивті идеологияны насихаттаушы топтарға жастарымыз неліктен көп тіркеледі? Ол байқаусыздықтан ба, әлде? 

- Облыс тұрғындарының арасындағы 18- жасқа толмаған жастардың қызығушылық танытуының бірден бір себебі діни білімді әдебиеттерден емес аудио-видео инфографикалардан іздеуі. Діни білімді дамытқысы келген жастарға отбасылық тәрбие жеткіліксіз. Мониторинг нәтижелері бойынша деструктивтік идеологияны насихаттаушы топтарға тіркелген. Осы орайда, кәмелет жасқа толмаған балаларға ата-ананың бақылауы қажет. Өз тараптарынан қандай сайттарға кіретіндіктерін, теріс пен бұрысты көрсетіп жол нұсқаулары қажет.


- Маман ретінде ата-аналарға, жастарға қандай кеңес бересіз? 

- Орталықтың қызметкері ретінде дәстүрлі дінге қызығушылығы бар азаматтарға, діни білімдеріңізді әлеуметтік желілерден емес, тұрғылықты мекен-жайына жақын маңдағы мешіттердің имамдарынан, ҚМДБ-мен мақұлданған, яғни, мөрі көрсетілген әдебиеттерден алуға,рұқсат етілген мекемелерден діни білімдерін жетілдіруге кеңес берер едім. Интернеттегі Діни парақшалардың 75-80%-ы түбі адасушылыққа алып келеді деп айта аламын. 18 конфессия және 3816 діни бірлестігі бар Қазақстан қоғамына діни тұрақтылық өте маңызды. Осының бәрін ескере келе, Сіздерді дінді дұрыc түcінугe, дінді бұрмалаушылардың coңына eрмeугe шақырамын! Діни білімді ресми сайттардан және дін қызметкерлерінен алған абзал.


- Осындай экстремисттік жазбаларды таратқаны үшін, қандай жаза қолданылады? 

- Теріс діни бағыттағы топтарға тіркеліп, қандай да бір ҚР-да тыңдауға тыйым салынған, экстремистік деп табылған уағызшылардың аудио немесе видео жазбаларын таратқан жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 453 және 490 бабының талаптарына сай 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынатындығын айтып жеткіземіз. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне: 8 (7282) 24-04-52, 87004274534 хабарласса болады.  скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді