Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экстремистік мазмұндағы материалдарды таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды

СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 42 жастағы петропавлдықтың Facebook желісіндегі парақшасында діни сипаттағы бейнежазбаларды анықтады. Тексеру барысында ер адамның деструктивті сипаттағы діни ағымның ұстанушысы екенін анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Ол дінтанулық сараптама қорытындысына сәйкес діни алауыздықты тұтатуды насихаттайтын болғандықтан Қазақстан аумағында сақтауға және таратуға тыйым салынған бейнежазбаларды әлеуметтік желіде жариялаған. Бұл материалдар діни алауыздықты тұтатуды насихаттауға бағытталған. Шілде айының басында Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотымен ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылды.

 «Сот шешімімен алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды сақтағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салу туралы шешім шығарылды. Айыппұл соммасы 290 мың теңгені асады», - деді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Алмас Шитқанов.
06 бейнефайл мен 7 сурет тәркіленіп алынды, Facebook-тағы парақша өшірілді.
ҚР заңнамасымен адамның діни ұстанымына, дінге көзқарасына, құқықтарына, бостандықтарына және заңды мүдделеріне қол сұғуға, діни сезімдерін қорлауға тыйым салынған».скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті