Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында имамдар пулы жасақталды

Жетісу өңірінде имамдар қауымдастығының мүмкіндігін пайдалану мақсатында «имамдар пулы» жасақталып құрамына белсенді 38 имам енгізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бүгінгі күні аталған имамдардың әлеуметтік желідегі «Инстаграмм», «Фейсбук», «Вконтакте»-дегі  жеке парақшалары арқылы және «You Tube» арнасында Іле ауданы, «Арын қажы» мешітінің ұстазы Ерлан Ақатаев атынан ашылған 343 842 тіркелуішісі бар «Арын қажы», Жамбыл ауданы бас имамы Қалжан Исламханов жүргізетін 5200 тіркелушісі бар «Асыл қазына», басқарманың 5190 тіркелушісі бар «Дін істер басқармасы» каналдарында да бұл жұмыстар жүйелі атқарылып келеді.

Басқарма тарапынан өз меншігіндегі 2416 кітап қоры бар жеке кітапхананы бүгінгі күні KABIS бағдарламасы авторы және «Bookscan» модулі арқылы онлайн форматта оқырмандарға ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жалпы жүктелген кітаптар саны 623-ті құрап отыр.

Статистика көрсеткіші бойынша сайтқа кірген оқырмандар саны 16503 құраса, кітаптар қаралымы 47 775-ке жетті.

Аталған кітаптарды облыс тұрғындарынан бөлек Республика және шетел азаматтар тұтынғаны белгілі болып отыр. Соның ішінде, 28 561-і облыс тұрғындары. Тұтынушыларды жас ерекшеліктеріне бөлгенде басым көбі 25-30 жас аралығындағы 867  азамат, 12-18 жас 559 азамат екені анықталды.

Облыстағы діни ахуалға «Kazdream Solution» компаниясының,  «Аналитикалық интернет карта» электронды платформасы алаңында 5 бағыт бойынша «ВКонтакте», «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі тіркелушілерге мониторинг жүргізіліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде «Instagram» әлеуметтік желісінде 38 581 теріс діни ағымдардың идеологиясына қызығушылық танытқан ғаламтор тіркелушілері анықталды. Ал, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде дәл осындай топтарға тіркелген 32 217 адам 2020 жылдың басында анықталған болса, жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы нәтижесінде бүгінгі күні олардың саны 15 416 адамға яғни 52,3% дейін азайды.

Осы бағыттағы жұмысты тиімді жүргізу мақсатында Басқарма мынадай негізгі бағыттарды қолға алды.

1.Тұтынушыларға СМС хабарлама жолдау арқылы ақпараттандыру;

2. “РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН” жобасы арқылы кері байланыс орнату;

3. Жұмыс нәтижесіне сай әкімшілік шара қолдану;

Басқарма мамандары тарапынан жұмыс жүргізу мақсатында ашылған 27 фэйк-аккаунттар арқылы күнделікті жіберілетін әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту SMS-хабарламаларымен ақпараттық бағытта жарияланған материалдар тіркелушілер санының азаюына өз септігін тигізуде. Жыл басынан «ВКонтакте» 6920, «Instagram» 2170 SMS-хабарлама жіберілді.

#РЕЛИГИОЗНЫЙСКАН жобасы мүмкіндігінің аясында облыс тұрғындарымен кері байланыс орнатылды. Яғни, кез-келген облыс азаматы өзінің және жақындарының әлеуметтік желідегі деструктивтік діни ағымдарды насихаттаушы топтарға тіркелген немесе тіркелмегендігін  анықтауға мүмкіндік алды. Жоба барысында азаматтардың діни сауаттылығының төмендігі  немесе жоқтығы салдарынан теріс пиғылды топтарға тіркеліп жатқандығы анықталуда. Олармен нүктелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет діни ақпаратты тек ресми сайттардан және дін қызметкерлерінен ғана алу керектігі  түсіндіріліп, қазіргі таңда деструктивті топтардан 179 адам шығарылды.

Жүргізілген ақпараттық–түсіндіру шараларына қарамастан «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларда деструктивті діни ағым идеологиясын белсенді түрде насихаттаған Ұйғыр ауданынан бір, Еңбекшіқазақ ауданынан екі, Ескелді ауданынан бір, жалпы облыстың 4 азаматына Қазақстан республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  453 бабы, 2 тармағын бұзу фактілері бойынша 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жалпы соммасы 232 000 тенге айыпұл салынды.  Бұдан бөлек, Басқарма тарапынан тағы 7 азаматтың жеке парақшасы бақылауға алынып, тиісті сараптама қорытындысын алу мақсатында дін істері комитетіне құжаттар жолданды. Сараптама қорытындысына сай әкімшілік іс қозғау көзделуде.

Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын материалдарға қолжетімділікті шектеу, әлеуметтік желілердегі теріс идеологияны насихаттаушы контенттерді анықтау, оларды сараптама нәтижесіне сәйкес «Киберқадағалау» жүйесі арқылы  бұғаттауға бағытындағы жұмысты жандандыру мақсатында Басқармаға қарасты «Зерттеу орталығы» 2020 жылдың желтоқсан айында ішкі резервтен арнайы «Интернет ресурстарда киберқадағалау мен контрнасихат жұмыстарын қамтамасыз ету» бөлімін құрған болатын.

Нәтижесінде, жыл басынан бұл бағыттағы жұмыс едәуір жоғары көрсеткішке жетіп отырғандығын байқаудамыз.

Бүгінгі күнге дейін, «Киберқадағалау» жүйесі арқылы мамандар тарапынан әлеуметтік желілердегі теріс идеологияны насихаттаушы 7869 («Инстаграмм», «Фейсбук», «Вконтакте» желілері мен «Youtube» каналдарында) материалдар мен сілтемелер анықталды, сараптамаға  жіберілді.

Оның 1450-і бұғатталған, 5323 сілтеме сараптамадан өтуде, 1096 кері қайтарылды.

Ол жерде анықталған деректер әлеуметтік зерттеулердің негізгі көзі ретінде пайдаланылып, соған сәйкес  мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

«Киберқадағалау» жүйесіне сілтеме жүктеу қарқыны бойынша  Алматы облысы Республикалық  басқарма ішінен жақсы көрсеткішке қол жеткізген үздіктер қатарына еніп тұр.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді