Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте көлік саласын дамыту және арнайы экономикалық аймақтардағы инвесторлардың қызметіне шектеулерді алып тастау мәселелері талқыланды

Үкіметте көлік саласын дамыту және арнайы экономикалық аймақтардағы инвесторлардың қызметіне шектеулерді алып тастау мәселелері талқыланды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында Жетісу облысының экономикалық даму жағдайы мен көлік саласының экономикалық әлеуеті қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың алғашқы екі айында Жетісу өңірі экономикалық өсімнің айтарлықтай қарқынын көрсетіп отыр. Көрсеткіш көлемі өткен жылдың екі айымен салыстырғанда 18,9%-ға жоғары. Барлық негізгі салаларда – ауыл шаруашылығы (2,4%), өңдеу өнеркәсібі (21,1%), құрылыс (67%), сауда (4,6%) және т.б. өсім байқалады. 2 айда тартылған инвестиция көлемі 35,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 1,4 есеге артық.

Ұлттық инвестициялық платформаға енгізілген, 2027 жылға дейін іске асыруға жоспарланған, жалпы құны 2,7 трлн теңге болатын сонымен қатар 9,8 мың жұмыс орны ашылатын облыстағы 74 инвестициялық жобаның пулы қалыптастырылды. Оның көбі – өнеркәсіп секторы мен АӨК-те. Ірі жобалардың қатарына құны 250 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы 50 мың тонна халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салу кіреді. Оны «SKYHANSA» ЖШС іске асырады. Жоба құрылысы үшін «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА шекарасының сыртында орналасқан ауданы 840 га жер телімі бөлінді. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев оны іске асыруды жеделдету мақсатында әуежай құрылысына арналған учаскені қосу үшін арнайы экономикалық аймақтың ауданын кеңейтуді сұрады.

Облыс әкімі «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА және «Қорғас» ХШЫО қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту мәселесін көтерді. Ол әр түрлі қызмет салаларындағы өнім өндірушілерден жақын арада АЭА-да кәсіпорындар салу процесін бастауға дайын көптеген өтініштер мен өтінімдер келіп түсетінін атап өтті. Бірақ олардың қызмет түрлері Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі айқындаған басымдықтар тізіміне кірмейді.

Вице-премьер ӨҚМ мен ҰЭМ-ге қысқа мерзімде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағын кеңейту мүмкіндігін және облыстың екі АЭА аумағында іске асыруға рұқсат етілген басым қызмет түрлерінің тізбесін қарауды тапсырды.

Көлік саласы мен қоймалау үшін биыл өсудің нақты көлем индексі өткен жылға 15% плюс деңгейінде белгіленді. Қаңтар-ақпанда өсу көрсеткіші 20%-дан асты. Сала индексінің құрылымында негізгі үлес құбыр желісі (21,7%), теміржол (20,2%) және автомобиль (19,7%) көлік түрлерімен жүк тасымалдауға, қоймалауға (20,5%) және жолаушыларды тасымалдауға (14,7%) тиесілі.

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, 2025 жылы көліктің барлық түрімен тасымалдау өсуі болжанып отыр. Екі ірі инфрақұрылымдық жоба – «Достық–Мойынты» теміржолының екінші тармағы және «Алматыны айналып өту» теміржол желісінің құрылысы жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталады. Бұдан басқа, экономикалық өсудің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізуге халықаралық автотасымалдар географиясын кеңейту, бірқатар бағыт бойынша транзиттік тасымалға рұқсаттың күшін жою, ҚХР, Өзбекстан, Ресей, түркі мемлекеттері ұйымы елдері мен Балтық елдерімен электронды рұқсатқа көшу, электрондық тауар-көлік жапсырмасын енгізу, қалалық автобус паркін жаңарту және басқа да шаралар өз үлесін қосады. Теңіз тасымалындағы оң көрсеткіш биыл Ақтауда контейнерлік хаб салу жобасы есебінен іске асырылмақ. Бұл Ақтау портының транзиттік тасымалын 36 мың ЖФЭ-ден 60 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді (өсім 68%). 2024 жылы жүргізілген Құрық портының акваториясын тереңдету порттың тасымалдау көлемін 1,9 млн тоннадан 2,8 млн тоннаға дейін (+47%) арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде қоймалау саласында жалпы ауданы 1,8 млн шаршы метр 38 көлік-логистикалық орталық жұмыс істейтіні атап өтілді. 2030 жылға дейін жалпы ауданы 11,3 млн шаршы метр 61 көлік-логистикалық орталығын салу жоспарлануда.

Вице-премьер Көлік министрлігі мен Энергетика министрлігіне әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, көліктің әртүрлі түрімен тасымалды ұлғайтуды, қойма үй-жайларын салу көлемі бойынша декомпозицияны дайындап, өңірлерге жіберуді тапсырды. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты