Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте газ өнеркәсібі жобалары мен Ақтөбе облысының инвестициялық-экономикалық дамуы қаралды

Үкіметте газ өнеркәсібі жобалары мен Ақтөбе облысының инвестициялық-экономикалық дамуы қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында газ өнеркәсібіндегі инвестициялық жобалар мен Ақтөбе облысының инвестициялық дамуы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ ақпараты бойынша, жобадағы мерзімі 2026 жылы белгіленген «Талдықорған–Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысын биыл аяқтау жоспарлануда. Бұл құны 123 млрд теңге болатын жоба 2025 жылдың өзінде-ақ газ саласының қосылған құнына өз үлесін қосуы тиіс дегенді білдіреді. 2027 жылы «КС-14–Қостанай» жаңа магистралды газ құбырының құрылысы аяқталады. 2029 жылға дейін Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыты құрылысының екі кезеңі және «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісі аяқталмақ. Штаб отырысында жобаларды дамытудың барлық түйткілдері мен олардың орындалу мерзімін ұзартатын кедергілерді жою мүмкіндігі талқыланды.

Ақтөбе облысында өнеркәсіптік және инвестициялық өсімнің айтарлықтай жоғары қарқыны байқалады. Өткен жылғы қорытынды бойынша өңірдің өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,5%-ға өсіп, 2,6 трлн теңгеге жетті (2023 жылы 2,5 трлн). 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 901,1 млрд теңгені құрады. Оның 78%-ы жеке, 22%-ы – бюджеттік. 53%-ы тау-кен өнеркәсібіне, 42%-ы өңдеу өнеркәсібіне салынған. 2024 жылғы 9 айда тікелей шетелдік инвестиция көлемі $337,4 млн-ды құрады. 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің айтуынша, бүгінде өңірде 74 инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2025 жылы 460 млрд теңгелік 10 жоба бойынша 1,2 мың жұмыс орны ашылған. Олардың қатарында «ПЗТМ Ltd» ЖШС рельс дәнекерлеу кәсіпорны, Лиманное кен орнын игеру, «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» шахтасының екінші кезегі, «KAZFELTEC» ЖШС жүн өңдеу және тоқыма емес материалдар өндірісі, «Хромтау 1» жел электр стансасы құрылысы бар.

Облыста Ақтөбе облысының инвестициялық бағдарламасы әзірленген. 46 іс-шарадан тұратын инвестиция тарту бойынша кешенді іс-қимыл жоспары жасалған. Инвестицияларға тапсырыс беру үшін тауашалық жоба анықталып, 265 млрд теңгеге 13 инвестициялық ұсыныс берілген. Олардың қатарында тау-кен техникасы, санфаянс, аяқ киім, балық өнімдері, құс фабрикасы, мұнара фермалары және басқалары бар.

2026-2028 жылдарға жоспарланған негізгі жобалардың қатарында инвестиция көлемі 207 млрд теңгені құрайтын «AltynEx Company» ЖШС алтын құрамды кендерді өңдеу бойынша байыту фабрикасын салу, «Қазпошта» АҚ көлік-логистикалық хабы (25 млрд теңге), «Batys Bitum» ЖШС битум зауыты (111 млрд теңге) және басқалары бар. Аммиак пен карбамид, шыны ыдыстар өндіру, диатомит шикізатын өңдеу жобалары пысықталуда.

Штаб отырысында өңірді газбен және сумен жабдықтау, ТЖ шеңберінде білім беру объектілері мен автожолдарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды. Вице-премьер облыс әкімдігіне «Бәйтерек» холдингі арқылы ұсынылатын шағын және ірі бизнес үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы өңірдің бизнес-ортасын хабардар етуді ұсынды. Осылайша олар өз жобаларын қаржыландыруға тезірек өтінім бере алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты