Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 900-ден астам объект бейімделген

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін 900-ден астам объект бейімделген
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Ақмола облысында 941 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар, «Аманат» партиясының 2023 – 2027 жылдардағы жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

«Amanat» партиясының жол картасында 2023 – 2027 жылдар аралығында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын объектілердің 20 %-ы бейімделуге жатады.

Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%, 2025 жылы – 60%, 2026 жылы – 80%, 2027 жылы – 100%. Қазіргі уақытта ел бойынша 16 541 объект толығымен бейімделген.

Осы жылдың соңына дейін Ақмола облысы бойынша 653 нысанды бейімдеу жоспарланған, өңірде жоспар артығымен орындалып, 941 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Мәселен, өңірдегі 941 объектінің ішінен төмендегі объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қол жетімді:

- денсаулық сақтау объектілері – 132;

- білім беру объектілері – 337;

- мәдениет нысандары – 87;

- сауда және қызмет көрсету объектілері – 95;

- мемлекеттік ұйымдар – 194;

- спорт нысандары – 16;

- көлік инфрақұрылымының объектілері – 9;

- қоғамдық тамақтандыру объектілері – 5;

- әлеуметтік қорғау объектілері – 8;

- басқалары – 58.

«Мен Көкшетау қаласында тұрамын, біздерге күн сайын түрлі әлеуметтік маңызы бар мекемелерге барудың қажеттілігі туындайды. Атап айтсақ, күнделікті мұқтаждығымызды өтеу үшін дүкендер, дәріханалар, ауруханалар. Сол себепті, осы нысандарға қолжетімділіктің болуы мен үшін өте маңызды. Мысалы, қала көшелерінде көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жолдар бар, бұл бізге қозғалу кезінде өте ыңғайлы, жаяу жүргіншілерге арналған белгілер көрінетін жерге қойылған және әрдайым боялып, жаңартылып отырады, көптеген нысандарда кресло-арбалармен қозғалатын адамдар үшін арнайы көтергіш баспалдақтар да бар, бұл өте маңызды жайт. Көптеген әлеуметтік объеетілерге кіру кезінде баспалдақтың бар екені туралы ескертулер бар. Бағыт көрсеткіштері орнатылған, бұл да өте ыңғайлы. Мысалы, М. Әуезов көшесінде көру қабілеті нашар адамдарға арналған арнайы жол бар. Мен жүзуге баратын «Бурабай» спорт сарайында мүгедектігі бар жандар үшін киім ауыстыруға арналған арнайы бөлме бар. Қоғамдық көлікте жол ақысы тегін, сондай-ақ автобустарда мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы орындар да қарастырылған», – деді екінші топ мүгедектігі бар Сәуле Болатова.

Бұдан басқа мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті биыл мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік және т.б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 63 тексеру жүргізді, оның ішінде: 22 – жоспардан тыс тексерулер, 35 – профилактикалық бақылау және прокуратураның талабы бойынша 2 тексеру болды.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 32 ұйғарым беріліп, 6,6 млн теңгеден астам сомаға 12 әкімшілік айыппұл салынды.

Объектілердің меншік иелеріне профилактикалық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар алғаш рет анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпастан жою туралы нұсқамалар ғана берілетінін атап өту қажет. Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда айыппұл салынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі