Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер жауапқа тартылды

СҚО-да шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілер жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланған 5 жұмыс берушіні жауапкершілікке тартты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция базарлар мен құрылыс нысандарын, ауылшаруашылық кәсіпорындарын, жеке шаруашылықтарды, сондай-ақ шетелдіктер еңбек ететін және уақытша тұратын басқа да орындарды тексеруде. 11 наурыздан бастап облыста “Заңсыз келуші — 2025” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Мақсаты – Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау. Операцияға көші-қон қызметінің мамандарымен қатар облыстық полиция департаментінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары да жұмылдырылған.

Бүгінде облыста 6 мыңнан астам шетелдік азамат және шамамен 4,5 мың уақытша тұруға рұқсаты бар адам тіркелген. Екі айдың ішінде облыс полицейлері 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтардың бірі – Қазақстан Республикасында болу мерзімін бұзу, бұл үшін 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 77 облыс тұрғыны шетелдік қонақтарды қабылдағаны туралы уақытылы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ бес жұмыс беруші шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін жауапкершілікке тартылды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты