Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар полицейлері металл қабылдайтын 150-ге жуық орынды тексерді

Павлодар полицейлері металл қабылдайтын 150-ге жуық орынды тексерді
Фото: polisia.kz

Павлодарда полицейлер металл қабылдайтын 150-ге жуық орынды тексеріп, 20 бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының аумағында ұрланған металды өткізу орындарын тексеруге, металл ұрлығын, асыл тастардың, түсті және қара металдардың, олардың сынықтары мен қалдықтарының заңсыз айналымын жасайтын адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған “Металл” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

– Тексеру барысында пункт иелерімен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, олар ұрланған металды тапсырумен айналысатын адамдарды анықтаған жағдайда, дереу 102 нөміріне қоңырау шалу қажет, сондай-ақ қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сатып алу немесе өткізу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілді, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Мысалы, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін бірнеше пункт иелері жазаланды, өйткені барлық металл сынықтары шашылып, өтіп бара жатқан адамдар мен тұрғындарға қолайсыздық туғызды.

Ал Тереңкөл ауданының тұрғынына қатысты жауапкершілікке тарту үшін Мемлекеттік кірістер бөліміне тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін материал толтырылды және жіберілді. Сондай-ақ қосалқы бөлшектерді, металл құбыры мен кабельді ұрлады деген күдікке ілінген өңірдің үш тұрғыны анықталды, қазір әрбір факті бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр.

Егер заңсыз әрекеттің куәгері болсаңыз, дереу полицияның”102″ арнасына немесе “Police 102” мобильді қосымшасы арқылы хабар беріңіз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді