Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өзгенің ақшасын алаяқтықпен иемденген елордалық анықталды

Өзгенің ақшасын алаяқтықпен иемденген елордалық анықталды
Фото: pixabay.com

Полицейлер алаяқтық жолмен бөтеннің ақшасын иемденген елордалықты анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасауға қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы жігітті анықтады. Тергеу барысында жас жігіт  жолдан өтіп бара жатып, зейнеткердің етікші дүкеніне кіріп, жәбірленушімен танысқаны белгілі болды. Осылайша жігіт оның сеніміне кіріп, шұғыл қоңырау шалу керекпін,телефонымның қуаты таусылып қалды деген сылтаумен одан ұялы телефонын бере тұруды өтінген. Жігіт біреумен сөйлесіп тұрғандай кейіп танытып, Kaspi қосымшасындағы ақшасын өзіне аударып алған. 60 жастағы зейнеткердің телефонындағық осымшаларды бұғаттауды білмегенін пайдаланып, 100 мың теңгесін алаяқтықпен алған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған  ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты