Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда полицейлері ұрлық қылмысын жасаған күдіктілерді анықтады

Елорда полицейлері ұрлық қылмысын жасаған күдіктілерді анықтады
Фото: pixabay.com

Елорда полицейлері ұрлық қылмысын жасаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жабық ойын клубтарының бірінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 24 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті түнде есікті жасырын ашып, клубқа кіріп, музыкалық динамик пен 13 LG теледидарын алып шыққан. Қаскүнем өз әрекетімен 2,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Артынша жас жігіт ұрланған құрал-жабдықтарды тұрмыстық техникаларды қабылдау пункттеріне өткізіп жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордадағы басқа да осыған ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы анықталады.

Сондай-ақ Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 44 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жәбірленуші үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ер адамды жалдағаны белігілі болды. Біраз уақыт жұмыс істеп жүрген қаскүнем үй иелерінің сеніміне кіріп, олар жоқта жатын бөлмеден қолма-қол ақша мен алтын сырғаны жымқырып кеткен. Осылайша 223 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Күдікті ұрланған алтынды ломбардқа өткізген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі