Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада танысының ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Елордада танысының ақшасын алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанада жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге байланысты алаяқтық анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жолмен жүргізуші куәлігі мен әскери билетті ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен ақша иемденген 21 жастағы жігітті ұстады.

Жігіт жүргізуші куәлігін рәсімдеу мүмкіндігі бар екеніне танысын сендірген. Оның тұзағына 20 жастағы қала тұрғыны түсіп қалған, оған жоғалған құжатты қалпына келтіріп, жұмысқа орналасу үшін әскери билет керек болған. Күдікті азамат клиенттің сеніміне кіріп, одан 250 мың теңге алған. Ақшаны алғаннан кейін қаскүнем байланысқа шығуды тоқтатқан. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінді.

Ұсталған азамат жасаған ісін мойындады.

ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция қылмыскердің басқа да алаяқтыққа қатысы бар-жоғын анықтау үшін тексеруді жалғастырып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді