Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды

Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды
Фото: Polisia.kz

Көкшетауда бопсалаушылар тобы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес құрылымы, патрульдік полиция және жедел басқару орталығы қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен бопсалаушылар тобының әрекеті тоқтатылды. Жедел қызметкерлерінің мәліметінше, бопсалау фактісі бойынша өтініш Астана қаласының полициясына түскен. 

Елорда тұрғыны белгісіз адамдар ұлын заңсыз ұстап, одан 200 000 теңге бопсалап жатқанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері әйелдің берген мәліметі бойынша қаскүнемдердің жүретін көлігін анықтады. 1 наурызда көрсетілген көлік Көкшетау қаласындағы жедел басқару орталығының камераларымен тіркелді. Автокөлік туралы ақпарат дереу патрульдік жасақтарға жіберілді. Көлік тоқтатылып, жүргізуші мен жолаушылары полицияға жеткізілді. Іс жүргізу барысында бір жолаушыдан 45 түйіншек табылды, олардың синтетикалық есірткі болуы мүмкін.

Тәркіленген түйіншіктер сараптамаға жіберілді. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екі күдіктінің бопсалау фактісіне қатыстылығын тексеріп жатыр. Барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады