Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 19,5 млн теңгеден астам қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды

Астанада 19,5 млн теңгеден астам қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды
Фото: Polisia.kz

Астанада 19,5 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкердің көлігі айып тұрағына қойылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарайшық көшесінде полиция қызметкерлері 34 жастағы жүргізуші тізгіндеген TANK автокөлігін тоқтатты. "Қорғау" деректер базасын тексеру барысында азаматтың 19,5 миллион теңгеден астам қарызы бар екені және көлік құралына жеке сот орындаушылары тарапынан тыйым салынғаны анықталды. Заңнамаға сәйкес, автокөлік ұсталып, коммуналдық тұраққа қойылды. Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков заманауи мониторинг жүйелерін қолдану құқық бұзушыларды тиімді анықтауға және уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

- Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жалғастырамыз және азаматтарды осындай жағдайларға тап болмау үшін қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауға шақырамыз, – деді ол. 

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы және қоғамдық тәртіп саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді