Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданында көшкіндердің алдын алу шаралары туралы хабарлады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылы бұл аумақта 82 учаске зерттеліп, 17 тұрақсыз аймақта нығайту жұмыстары басталды. Жұмыстар 2025 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр. 28 учаске бойынша сараптамалық қорытынды беріліп, иелеріне ұсынымдар тапсырылды. Тағы 16 учаскеде топырақ эрозиясы мен көшкіндердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде: қауіпті құрылымдар сүріліп, жер телімдері сатып алынып, нығайтылып жатыр.2024 жылдың ақпанында Олимпийская көшесінде көшкіннен кейін 1 500 шаршы метр еңіс тазартылып, габиондар, жаңбыр суын ағызатын науалар орнатылып, тас төселді.«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, таудағы көшкіндер құрылыс нормаларын сақтамай, бейберекет салынған ғимараттармен