Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында сегіз жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды

Ақмола облысында сегіз жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысы ашылды
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысының криминалдық полиция қызметкерлері сегіз жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашып, жазаның бұлтартпастығы қағидатын тағы бір мәрте дәлелдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, молекулярлық-генетикалық сараптама арқылы оның кінәсі дәлелденді. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, 2017 жылдың қазан айында Аршалы кентіндегі тұрғын үйлердің бірінен 78 жастағы ер адамның көптеген пышақ жарақаттары бар денесі табылған. Тергеу барысында күдікті ретінде сол кезде небәрі 16 жаста болған жергілікті тұрғын анықталғанымен, оны қылмысқа тікелей байланыстыратын айғақтар жеткіліксіз болды. Осылайша іс ашылмай, тергеу тығырыққа тірелген еді. Алайда өткен жылдың желтоқсан айында күдікті Қостанай облысындағы шекара бақылау-өткізу пунктінде елден шығуға әрекет жасаған кезде ұсталды.

Сот санкциясының негізінде одан қан үлгілері алынып, жүргізілген молекулярлық-генетикалық сараптама пышақ сабынан алынған биологиялық материалдың оған тиесілі екенін анықтады. 21 ақпанда Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 23 жастағы күдіктіні Теміртау қаласында қолға түсіріп, оны Аршалы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта аталған кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Ақмола облысының полицейлері сегіз жылға созылған әділетсіздіктің түйінін тарқатып, қоғамға зор қауіп төндірген қылмыскерді анықтап, жауапкершілікке тартты. Бұл – қылмыстың уақыт өте келе ұмыт қалмайтынын және заң алдында бәрі бірдей жауап беретінін тағы бір дәлелдеген оқиға.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады