Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда пәтерден екі бала мен анасының мәйіті табылған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыдағы "Спутник" тұрғын үй кешеніндегі әйел мен екі баласының өліміне қатысты кісі өлтіру дерегі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Қалалық прокуратураның басылымға берген мәліметінше, әйел мен оның екі баласының денесі 6 тамыз күні қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен табылған.

"Екі бүлдіршіннің мәйітінде зорлық-зомбылық ізі болған. Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Сондай-ақ, видеоматериалдар зерттеліп, куәгерлерден жауап алынып жатыр. Алматы қалалық прокуратурасы қылмыстық істі ерекше бақылауына алды", - деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Айта кетейік, кеше, 6 тамыз күні әлеуметтік желі қолданушылары қаладағы "Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғанын жазған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді