Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Пәтер алып беремін”: ШҚО-да тұрғындарды 56 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды

“Пәтер алып беремін”: ШҚО-да тұрғындарды 56 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

“Пәтер алып беремін”: ШҚО-да тұрғындарды 56 млн теңгеге алдаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында алты жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болған. Жәбірленушілер полицияға бір әйелдің мемлекеттік бағдарлама арқылы арзан баспана алып беремін деп уәде етіп, олардан ірі көлемде ақша алғанын туралы өтінішпен жүгінген. Тергеу барысында белгілі болғандай, алаяқтық схеманың басы Өскемен тұрғынының әріптесіне өзінің анасын байланыс нөмірін ұсынып, оның баспана алуға көмектесе алатынын айтқан. Аталған ақпарат “сарафан радиосы” арқылы тарап, таныстар мен туыстар да осы көмекшінің қызметін пайдаланғысы келген. Азаматтар күдіктіге миллиондаған теңге берген, алайда уәде етілген пәтерлердің кілті табысталмаған. Кейіннен әйел адам байланысқа шығуын тоқтатқан. Жалпы шығын 56 млн теңгені құраған. Қазіргі уақытта полиция күдіктіні анықтап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Полиция департаменті азаматтарға қаржылық операциялар кезінде сақтық таныту қажет екендігін ескертеді. Ақша аудармас бұрын ақпаратты тексеріп, заңды түрде рәсімделген кепілдіктерсіз бейтаныс немесе таныс емес адамдарға ақша бермеу маңызды. Кез-келген келісімшарт жасаспас бұрын мамандармен кеңесу қажет. Күмән туындаған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады