Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Joltap: елорда тұрғыны арнайы курс жеке кәсібінің дамуына ерекше әсер еткенін айтты

Joltap: елорда тұрғыны арнайы курс жеке кәсібінің дамуына ерекше әсер еткенін айтты
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада жұмыс іздеп жүргендер үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері таптырмас мүмкіндік. Астаналық Кәмшат Серік «Бухгалтерия негіздері» бойынша білімін жетілдіріп, салық төлеу, жылдық есептерді қалай тапсыру керегін үйренген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол жоба туралы әлеуметтік желідегі чаттардың бірінен естіген.

«Бұл жоба туралы WhatsApp-тағы чаттардың бірінен оқыдым. Онда кез келген мамандықты аз уақытта тегін оқытатыны туралы жазылған. Содан «Неге оқып көрмеске?» деген ой болды. Келесі күні қаладағы пунктердің біріне барып, мамандардан ақпарат алып, «Бухгалтерия негіздері» бойынша курсқа тіркелдім. Оқытушылар салық төлеу, жылдық есептерді дұрыс тапсыру секілді бағыттарды қарапайым тілде түсіндірді. Арасында барлық сауалымызға жауап беріп отырды. Бастысы теория мен практиканы ұштастырдық», - деді ол.

Кейіпкеріміз курсты тәмамдаған соң өзге қатысушылар секілді сертификат алған.

«Бүгінгі таңда мен туристік агенттікте қызмет етемін. Отбасылық кәсіп болғандықтан, кейбір шаруаларды қатар алып жүруге тура келеді. Мысалы, кейде есепші, әкімші қызметтерін қатар алып жүремін. Бұл жобаға қатысудағы мақсатым – өз салам бойынша қосымша білім алу», - деді Кәмшат.

Ол алдағы уақытта трендтегі мамандықтар бойынша қосымша курстардан өтуді жоспарлап отыр.

«Бұл – көпке пайдасы мол жоба, бастысы тегін. Сондықтан осы жоба арқылы аз уақытта кез келген мамандықты игеріп алуға болады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз», - деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетейік, 18 бен 50 жас аралығындағы астаналықтар JolTap жобасына тіркеліп, цифрлық және жұмысшы мaмaндықтaрын қыcқa мерзімде тегін оқуына болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты