Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Болашақтың ақылды қаласы: Алматы Шэньчжэнь тәжірибесін зерттеуге кірісті

Болашақтың ақылды қаласы: Алматы Шэньчжэнь тәжірибесін зерттеуге кірісті
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайға жұмыс сапары аясында Шэньчжэнь мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздердің негізгі тақырыптары – инвестиция, цифрландыру және қаланы жоспарлау. Қытайдың технологиялық орталығы саналатын Шэньчжэнь 45 жыл ішінде «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Алматы әкіміне стратегиялық және кешенді қала жоспарлау қызметтерін ұсынатын Shenzhen Urban Transportation Planning Center Co., Ltd. (SUTPC) орталығы таныстырылды. SUTPC орталығы қалалардың цифрлық көшірмесін жасап, озық технология арқылы көлік инфрақұрылымын басқарады. Бұл көлік легін оңтайландыруға, жолдағы кептелісті азайтуға және қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрландыру, қала жоспарлау және технология мен тәжірибе алмасу саласындағы серіктестікті кеңейту туралы келісті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді