Алматы мен Шэньчжэнь «ақылды қаланы» құру үшін серіктестестікті нығайтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қытайдың Шэньчжэнь мэриясының делегациясы цифрлық трансформация бойынша бірлескен жобаларды талқылау үшін Алматыны дамыту орталығына барды. Алматыға келген мәртебелі меймандардың Big data және жасанды интеллект көмегімен әртүрлі жүйелерді модельдеу, дамыту және біріктіруде тәжірибесі мол. Бұл бағыттарды дамыту қаланың экономикалық өркендеуіне ықпал етеді.Маңызды сәттер:
Шэньчжэнь «Смарт сити» тұжырымдамасын белсенді түрде дамытып, тәжірибесін бөлісіп отыр.
Жобаға кіретіндер:
- Цифрлық егіз
- Бұлтты платформа
-Мемлекеттік қызметке арналған I-Shenzhen қосымшасы
- Соның нәтижесінде Шэньчжэньде:- ТЖ-ға ден қою жылдамдығы 30% өсті
- Энергия тұтыну 10% төмендеді- Құрылыс шығыны 30% азайды.
Алматы қазірдің өзінде өзінің цифрлық егізін жасау үшін инженерлік желілерді түгендеп жатыр. Қонақтар жобаға қызығушылық танытты, қолдау көрсетуге, кеңес беруге дайын.