Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен жылы көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскерді ұстады

Өткен жылы көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскерді ұстады
Фото: Polisia.kz

Өткен жылы көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2024 жылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мемлекетаралық іздеуде жүрген 127 қылмыскерді анықтап, ұстады. Оның ішінде 50 қылмыскер - Ресей, Өзбекстан, Армения, Қытай, Үндістан, Түркия, Польша және Әзірбайжан азаматтары. Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторларына қамалды, ал 77-сі іздестіру бастамашыларына берілді. Осы жылдың басынан бері 23 қылмыскер ұсталды, оның 7-уі уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 16 адам іздестіру бастамашыларына берілді. Ұсталғандардың қатарында негізінен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағандар бар.

Мәселен, 5 ақпанда Маңғыстау теміржол станциясында Көліктегі ПД жедел бөліністерінің қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Ұсталған азамат изоляторға қамалды. Ол Қазақстанға Түркиядан келген болатын. 8 ақпанда Алматы халықаралық әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Қылмыскер Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 132-бабында көзделген қылмыс, яғни, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 2023 жылдан бері іздеуде болған. Ол Қазақстанға Грузиядан келіп, артынша изоляторға қамалды. Сонымен қатар аумақтық полиция департаменттерімен өзара іс-қимыл жасасу шеңберінде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды. Сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалған үш азаматтың орналасқан жері анықталды. Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау мәселелері Көліктегі ПД басшылығының ерекше бақылауында.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді