Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Сергек“ Астанадан кетеді: қаланы бақылау жүйесі айтарлықтай өзгереді

“Сергек“ Астанадан кетеді: қаланы бақылау жүйесі айтарлықтай өзгереді
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2017 жылдан бері елордада іске асырылып келе жатқан "Сергек" жобасы 13 наурызда аяқталады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді Астанадағы бейнебақылау жүйесі G42 холдингіне кіретін Presight компаниясына беріледі. Бұл туралы Астананың цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәлімдеді.

Мәслихат отырысында сөз сөйлеген Сүлейманов жаңа жобаны қалыптастыру барысында қазіргі жүйенің кемшіліктері ескерілгенін айтты.

"2017 жылы "Сергек" жобасы іске қосылған болатын. Биылғы 13 наурызында "Көркем Телеком" ЖШС-мен жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталады. Біз халықаралық Presight компаниясымен бірлесіп, Астанада жасанды интеллект негізінде қалалық инфрақұрылымды басқару шешімін енгізу бойынша жұмыстар жүргіздік", – деді ол.

Ол жобада 22 мың жалпы бейнебақылау камерасы, 732 аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК) жол қиылыстарында, 470 АБК магистральді учаскелерде, сондай-ақ 15 түрлі жол ережесін бұзу дерегін тіркеу және 35 түрлі видеоаналитика жүйесі қарастырылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, деректерді өңдеу орталығы құрылып, бірыңғай жағдайлық орталық жасақталады. Бұл жоба 2030 жылға дейін есептелген. Жасанды интеллект арқылы процестер оңтайландырылып, жаппай жиналатын орындарда 100 пайыздық бейнебақылау қамтамасыз етіледі.

"Жобаға жеке серіктес тарапынан 53 миллиард теңге инвестиция салынады – жоба толығымен инвестордың жеке қаражатымен қаржыландырылады. Сонымен бірге, қазақстандық компаниялардың үлесі 60 пайыз болады", – деп толықтырды Сүлейманов.

Мәслихат депутаттары "Сергек" жүйесін ауыстыруды және бейнебақылау жүйесін Presight компаниясына беруді мақұлдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті