Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Электр пойызында мас жолаушы тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті

Электр пойызында мас жолаушы тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетті
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері Есілкөл — Петропавл бағытындағы электр пойызынан мас жолаушыны ұстап, түсіріп алды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік полицейлері тексеру барысында 53 жастағы облыс тұрғынын анықтады. Масаң күйдегі ер адам балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған, сондай-ақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына қарсылық көрсеткен.

Құқық бұзушыға қатысты алкогольді ішімдіктер ішкені, қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны және құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.
Ұсақ бұзақылық және полиция талабына бағынбау бойынша іс сотқа жолданды.

Айта кетейік, бұл баптар бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 10088 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде, белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін 5563 азамат, алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 725 жолаушы, қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып, тиіскені үшін 655 тұлға, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 66 адам, сондай-ақ темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 316 тұлға жазаланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді