Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана әуежайында мас жолаушы бірден төрт бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылды

Астана әуежайында мас жолаушы бірден төрт бап бойынша әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Астана әуежайында масаң күйдегі жолаушы ұсталған кезде полицейлерге қарсылық көрсетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Новосибирск – Астана бағытындағы әуе рейсінің 34 жастағы жолаушысын анықтап, ұстады. Ұшақтың ұшуы кезінде мас күйде болған ер адам өзін дөрекі ұстап, әуекомпания қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан, бортсеріктердің ескертулеріне де құлақ аспаған. Бұған қоса, мән-жайды анықтау барысында ол тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған.

Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлмесіне жеткізілді.

Ұсталған азамат ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды; қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, ұсақ бұзақылық жасағаны, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және әуе кемесінде мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық пен бағынбау бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 71 283 құқық бұзушыны анықтап, жауапқа тартты. Оның ішінде қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін 5624 жолаушы, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 586 азамат, құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 75 адам болған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді