Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана полицейлері пәтер ұрыларын ұстады

Астана полицейлері пәтер ұрыларын ұстады
Фото: polisia.kz

Астана полицейлері пәтер ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласы ПД қызметкерлері уақытша ұстау изоляторына пәтер ұрыларын қамауға алды.

Елорда тұрғыны жаңа жыл қарсаңында белгісіз адамдар екі қабатты коттеджге кіріп, сейфтен жасырын түрде 1000 еуро, 1500 АҚШ доллары, гауһар тастары бар алтын бұйымдар ұрланғаны жөнінде полицияға жүгінген.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 млн теңгені құраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында “Нұра” ауданының полиция қызметкерлері пәтер ұрыларының тобын ұстады.

Күдіктілер – облыстардың бірінің 26 және 28 жастағы екі азаматы. Олар Елорда маңындағы ауылда тұрып, еш жерде жұмыс істемегені белгілі болған. Сондай ақ олардың бұрын ұрлық пен тонау үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны да анықталған. Күдіктілер қала ішін таксимен жүріп аралаған. Сөйтіп ер адамдар астаналық жәбірленушінің пәтеріне торды бұзып, пластикалық терезені майыстырып, кірген. Олар пәтердің иелері жоқ екеніне алдын ала көз жеткізген.

Жауап алу барысында аталған азаматтар мойындау айғақтарын беріп, заттай дәлелдемелер алынды. Ұрылар ақшаның бір бөлігін жаңажылдық мерекелерді атап өтуге жұмсап та үлгерген. Қазіргі кезде күдіктілердің елорда аумағында бұрын жасалған осындай басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты