Алдағы үш күнде республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастырады, қар, жаяу бұрқасын, батыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ күтілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің оңтүстігінде ауа-райы жауын-шашынсыз, температура қолайлы болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда.
Түнде ауа температурасының батыста -8...-13°C дейін, солтүстікте, орталықта -13...-21°C дейін, шығыста -15...-30°C дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде.