Алдағы үш тәулікте батыста, солтүстік-батыста, аптаның соңында шығыста, 17-18 наурызда Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Синоптиктердің болжауынша, қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде 18 наурызда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, күндіз қатты жаңбыр 16 наурызда күндіз, 17 наурызда тәулік бойы Маңғыстау облысында күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы 16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Қазақстанның шығысында болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта жаяу бұрқасын күтіледі.
Ауа температурасы республиканың оңтүстік жартысында 8-20 градус жылыға дейін, солтүстік жартысында 0-8 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылайды.