Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ресейде танымал актердің көлігінен әйелдің мәйіті табылды

Ресейде танымал актердің көлігінен әйелдің мәйіті табылды
Фото: Мәскеу қаласының прокуратурасы

Ресейлік БАҚ актер Гоша Куценконың көлігінің жүксалғышынан әйелдің мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Shot Telegram-арнасының жазуынша, пышақталған әйелдің денесі жатқан Гоша Куценконың көлігі Мәскеудегі Кутузов даңғылындағы үйлердің бірінің ауласынан табылған.

Қылмысты жасады деген күдікпен 30 жастағы Қазан қаласының тұрғыны Альберт Абдуллин ұсталған. Ол бұған дейін де кісі өлтіргені, ұрлық жасағаны, билік өкілін балағаттағаны және қоқан-лоқы көрсеткені, денсаулыққа қасақаны зиян келтіргені үшін сотталған. Қазір «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Іс прокуратураның жеке бақылауында.

Кейбір дереккөздер күдікті әйелге 12 рет пышақ сұққанын алға тартқан. Ол мас күйде әйелмен жанжалдасып қалған. Кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Гоша Куценко «Запорожец» көлігін 2019 жылы өзінің туған қаласы Запорожьенің құрметіне арнап сатып алған. Тұрғындар актердің темір тұлпарымен Мәскеу көшелерімен серуендеп жүргенін жиі көреді екен. Өнер иесі ашық көк түсті әдейі таңдаған көрінеді, себебі ол өзге адамдардың көңіл күйін көтереді деп топшылаған. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді