Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында полиция құны 20 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі

Жамбыл облысында полиция құны 20 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында полиция құны 20 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған операциялық жоспарын орындау мақсатында “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шаралары өткізілді.

Операцияның мақсаты – есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу болды.

Жамбыл облысының полиция департаменті рейдтер жүргізу кезеңінде 7 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Заңсыз айналымнан 8,5 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.

Мәселен, ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын Тараз қаласының 33 және 35 жастағы тұрғындарын ұстады, тінту шараларының нәтижесінде олардан қара нарықтағы құны 20 миллион теңге болатын 320 грамнан астам мефедрон тәркіленді.

Полиция қызметкерлері 18 дәріхананы, 15 медициналық мекемені және 6 қойманы тексерді, онда әкімшілік есірткі құқық бұзушылықтың 16 дерегі анықталды.

– Олардың ішінде үй-жайларды техникалық нығайту талаптарын бұзудың 8 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың 5 дерегі, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 дерегі және заңсыз фармацевтикалық қызметтің 1 дерегі бар, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ, 500 грамм “метанол” улы заты, 250 000 келіден астам түрлі прекурсорлар (тұз, сірке және күкірт қышқылдары) тәркіленді.

Есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралар Жамбыл облысының барлық аудандарында өткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты