Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарлық жүргізуші бірнеше минут ішінде 3 рет жол ережесін өрескел бұзған

Павлодарлық жүргізуші бірнеше минут ішінде 3 рет жол ережесін өрескел бұзған
Фото: Polisia.kz

Павлодар қаласында Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі бірнеше минут ішінде жол қозғалысы ережелерін үш рет өрескел бұзған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Толстой және Едіге би көшелерінің қиылысында жүргізуші бағдаршамның жасыл сигналын күтпей, алдындағы көлікті айналып өту үшін қарсы жолаққа шықты. Алайда маневр аяқталғаннан кейін де тоқтамай, қызыл түске өтіп, қозғалысты жалғастырды.

– Жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзғаны, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуі және апаттық жағдай туғызғаны үшін жауапқа тартылды. Жиналған материалдар сотқа жіберілді, – дейді Полиция департаменті.

«Заң және тәртіп» қағидаты – ішкі істер органдарының басты ұстанымы. Бұл қағида азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған. Құқық бұзушылар міндетті түрде өз әрекеттері үшін жауап береді.

Қызылға асықпайық! Қауіпсіздік – басты құндылық.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді