Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Таразда полиция қызметкері қылмыстың алдын алды

Таразда полиция қызметкері қылмыстың алдын алды
Фото: Polisia.kz

Таразда дәмханалардың бірінде пышақ ұстаған ер адам күзетшімен жанжалдасқан. Полиция қызметкері бұзақыны тоқтатып, қылмыстың алдын алды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

3 қаңтарда сағат 05:00 шамасында Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған. Ол күзетшіге күш көрсетіп, пышақпен дене жарақатын салуға оқталған.

Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді.

Оқиға барысында тәртіп сақшысының оң қолы жарақат алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді