Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі

Абай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Абай облысында полиция құны 20 млн теңгеден асатын мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді. Семей қаласында полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – мефедронды тәркіледі. Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады.

Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан. Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жеткізу арнасының жойылуы жүздеген адамды есірткіге тәуелділіктен және мүмкін болатын қайғылы оқиғалардан құтқарды. Ішкі істер органдары есірткі қылмысына қарсы күресті жаңа жылда да табандылықпен жалғастыратынын мәлімдеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады