Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу полициясы қара нарықта құны 20 млн теңге болатын мефедронды тәркіледі

Жетісу полициясы қара нарықта құны 20 млн теңге болатын мефедронды тәркіледі
Фото: polisia.kz

Жетісу полициясы қара нарықта құны 20 млн теңге болатын мефедронды тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора-2024” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері сәтті жедел-іздестіру шараларын өткізді. Облыс прокуратурасымен бірлесе Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұсталды.

Күдікті Toyota Yaris автокөлігін тексеру барысында ұсталды. Тексеру барысында машинада ерекше иісі бар ақ заттың қапшығы табылды. Сараптама қорытындысна сәйкес, жалпы сомасы бір келі алынған зат “мефедрон” синтетикалық есірткісі болып шықты.

Тәркіленген заттың нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланады, бұл қара нарықтағы екі мың дозаға тең.

Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Есірткі қылмысы қоғамға зиян келтіріп қана қоймай, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі. Полиция азаматтарды сергек болуға және есірткіге қатысты күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты