Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік оқушылар халықаралық байқаудан олжалы оралды

Шымкенттік оқушылар халықаралық байқаудан олжалы оралды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Үндістанның Дели қаласында «Visual competition» халықаралық байқауы өтті. Сайысқа әлемнің 30 елінен Ucmas академиясының 6 мың шәкірті қатысып, бақ сынады. Шымкенттік Гүлсара Ділмұратова мен Асадбек Ділмұратов үздік үштіктен көрініп, олжалы оралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық байқауға Қазақстаннан 34 оқушы қатысты. Олар әр санат бойынша жылдамдыққа есеп шығарып, өз дарындарын дәлелдеді. Қоржында алтын кубок бар. Ал, командалық есепте «Business kids» академиясы орталығының жас өрендері қолаға қол жеткізді.

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының м.у.а.  Тоғжан Жалғасқызы Манкешова елге жеңіспен оралған оқушылармен кездесті. Кездесу барысында жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Кездесу кезінде Гүлсара Ділмұратова мен Асадбек Ділмұратов өздерінің жетістіктері туралы айтып, болашаққа жоспарларымен бөлісті.  

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының м.у.а.  Тоғжан Жалғасқызына сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жас өрендер сапалы білім алу мүмкіндігін беріп, қолдау танытқан еліміздің үкіметіне алғыстарын білдірді.  

Айта кетейік, UCMAS ментальді арифметика бағдарламасын малайзиялық профессор Дино Вонг 1993 жылы ойлап тапқан. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама әлемнің 87 елінде сұранысқа ие болып, UCMAS орталықтары ашылған. Қазақстанда UCMAS академиясы 2011 жылы құрылды. Ал Шымкентте 2013 жылдан бері жұмыс істейді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты