Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкенттік жас зияткерлер информатикадан еуразиялық олимпиадада 6 қола медальға ие болды

Шымкенттік жас зияткерлер информатикадан еуразиялық олимпиадада 6 қола медальға ие болды
Фото: pixabay.com

Оқушылар арасында информатика бойынша Еуразиялық олимпиаданың қорытынды туры 2023 жылы 11-12 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің базасында өтті. 

Санк-Петербург ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетімен жасалған Шанхай ынтымастық ұйымына мүше елдер келісім шарттың негізінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми практикалық орталығы мектеп оқушылары арасында информатикадан Халықаралық VX Еуразиялық олимпиада өткізді.

Аталған олимпиаданың мақсаты-оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту және есептеу ғылымдары, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ең дарынды жастарды анықтау.
Олимпиаданың қорытындылары бойынша Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан қатысқан 75 командадан озық шығып, «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының оқушылары Манап Дінмұхаммед, Исах Ибрагим, Ермаханұлы Ернар, Жаңбырбай Елнұр, Исах Юсуф, Әділет Даулет “Қола” медальға ие болды.

Білім басқармасының ұжымы және қалалық Дарын орталығы Олимпиада жүлдегерлерін қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, оларға сәттілік, зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа білім шыңдарын бағындыруды тіледі.

Айта кетейік, үшінші мегаполистің оқушылары білім саласында әлемдік деңгейде біраз шыңдарды бағындырып жүр. Олар түрлі салалық пәндер мен интеллектуалды ойын олимпиадаларында жүлделі орындарды иемденіп, тіпті ғылыми жаңалықтар ашуда да өз қолтаңбаларын қалдырып жатыр. Нәтижесінде бүгінде әлемнің алпауыт елдеріндегі жетекші компаниялар тарапынан қызығушылық танытатынлар пен көптеген ұсыныстар айтушылар санаты артып келеді. Оған дәлел ретінде, төрткүл дүниенің түрлі мемлекеттерінде өтіп жатқан сайыстарда біздің жеткіншектердің төбе көрсетуі дәлел бола алады.

Шымкент қаласы үздік білім беру ошақтарымен тап осындай білімді жастарды тәрбиелеп отырған бірден-бір аймақ саналады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты