Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шәйнектегі есірткі: такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті

Шәйнектегі есірткі: такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы полиция департаменті қылмысты ашуға септігін тигізген қоңырау туралы айтып берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтынна сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда «102» арнасына такси жүргізушісінен ерекше қоңырау түсті. Ол полицияға күдікті зат туралы хабарлады. Шымкент қаласында белгісіз ер адам оған сәлемдеме беріп, оны Түркістанда бір қыздың күтіп алатынын айтқан.

Жүргізуші басқа жолаушыларды түсіріп жатқанда сәлемдемені жерге құлатып алған. Ондағы электр шәйнегінен синтетикалық есірткі салынған екі орам анықталған.

Ер адам дереу полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген. Жедел шаралар қабылданып, нәтижесінде сәлемдемені күткен жас қыз ұсталды. Тергеу барысында ол есірткіні жеке қолдануға алғанын мойындады.

Қызға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жауапқа тартылды.

Түркістан облысы полиция департаментінің «102» арнасына жыл басынан бері 65 441 хабарлама келіп түскен. Бейнебақылауға жауапты инспекторлармен 49 736 әкімшілік құқық бұзушылық және 67 қылмыстық оқиға анықталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді