Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістанда полицейлер есірткі таратушыдан 400 дозаға жуық мефедрон тәркіледі

Түркістанда полицейлер есірткі таратушыдан 400 дозаға жуық мефедрон тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Түркістанда полицейлер есірткі таратушыдан 400 дозаға жуық мефедрон тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында ірі заң бұзушылықтың жолын кесті. Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, «жасырып кетумен» айналысқан жас жігіт қолға түсті.

Күдіктінің үстінен тінту жүргізу кезінде оның жанынан полиэтилен пакеттерге салынған 60 орама есірткі тәріздес зат табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 200 грамм, яғни 400 дозаға жуық «мефедрон» екені анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің Шымкент қаласында пәтер жалдап, одан кейін такси арқылы Түркістан облысына келіп, синтетикалық есірткіні белгіленген орындарға жеткізуді жоспарлағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жалғастыруда.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты