Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордада полицейлер ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде болған Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

Ұсталған қылмыскердің бірі – 1984 жылы көрші мемлекеттің аумағында жасаған қылмыстары үшін іздеуде жүрген 67 жастағы Ресей Федерациясының азаматы. Ол қауіп-қатерден бас тарту, қарақшылық, кісі өлтіру және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық баптар бойынша айыпталуда. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жазадан құтылып кеткен, тек осы жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясы ІІМ қылмыстық істі қайта бастап, оған халықаралық іздеу жариялаған. Ер адам қаланың көпқабатты үйлерінің бірінің ауласында ұсталды.

Екінші ұсталған – 47 жастағы Ингушетия Республикасының азаматы. Ол 2023 жылдың шілдесінен бастап жарылғыш заттарды орналастырды деген күдікпен іздеуде жүрген. Ер адам сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін Ресей Федерациясының аумағынан кетіп қалып, бір жарым жылдан астам уақыт қашып жүрген. Полиция оның орналасқан жерін анықтап, ұстады.

Екі қылмыскер де «Құқықтық тәртіп» ЖПШ шеңберінде құрықталды және қамауда отыр. Қазіргі уақытта оларды Ресей Федерациясының аумағына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді